Рамазан негізгі құрамға оралды ма?
Данияның Силькеборг қаласында өткен жолдастық матчта жергілікті "Силькеборг" пен "Фредерисия" командалары кездесті.
Бұл ойында "Силькеборг" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команда сапында екі голды Йеппе Андерсен соқты, ол 10-шы және 13-ші минуттарда қарсыластар қақпасына гол енгізді. Ал "Фредерисия" командасының жалғыз голын 40-шы минутта Мозес Опондо соқты.
"Силькеборг" командасының құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ойнады. Ол соңғы ойындарда тек алмастырумен ойынға шықса, бұл жолы негізгі құрамда алаңға шықты. Рамазан ойын барысында 52 минут болды, содан кейін ол ауыстырылды.
Айта кетейік, Рамазан Оразов Қазақстан ұлттық құрамасына Лигалар Лигасы аясындағы Австрия (0:2) және Норвегия (0:5) қарсы ойындарға шақырту алмаған болатын.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35