locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Рамазан Кәрімов Бачка Тополаға қарсы ойын алдында өз ойларымен бөлісті

Рамазан Кәрімов  Бачка Тополаға қарсы ойын алдында өз ойларымен бөлісті

"Астана" шабуылшысы Рамазан Кәрімов "Бачка Тополаға" қарсы матч алдындағы баспасөз конференциясында команданың ертеңгі ойынға толық дайын екенін және тек жеңіске ұмтылатынын айтты.

"Команда ертеңгі матчқа дайын, көңіл-күй өте жақсы, біз тек жеңіс үшін ойнаймыз", — деп атап өтті Кәрімов.

Ол сондай-ақ өзі үшін командалық нәтижелер маңызды екенін, ал "Браннға" қарсы өткен ойындағы гол өткен шақта қалғанын, алда әлі көптеген ойындар бар екенін алға салды.

Кәрімов ойынның фавориттер туралы пікірталас жасаудың қажеті жоқ екенін де айтты:

“Кім фаворит екенін шешу бізге тиесілі емес. Біздің міндетіміз - алаңға шығып, өз жұмысымызды істеу және тек жеңіске деген көңіл-күй”,- деп келтіреді Кәрімовтың сөзін Sport Plis Qazaqstan.

Еске сала кетейік, матч Алматы қаласында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 21:45-те басталады.