locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Рафиньяның «Жиронаға» қарсы ойында неге алаңға шықпағаны белгілі болды

Рафиньяның «Жиронаға» қарсы ойында неге алаңға шықпағаны белгілі болды
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Примераның 29-шы турында «Жиронаға» қарсы ойында (4:1) команда көшбасшысы Рафиньяның неліктен қосымша құрамда қалғанын түсіндірді.

«Рафинья өзін жайсыз сезінгендіктен ойынға шықпады. Ол маған нашар сезініп тұрғанын және формада емес екендігін тура айтты… Енді ол сәрсенбіге дейін жақсы болып кетеді деп үміттенеміз», - деді маман матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Алайда журналист Адриа Альберттің айтуынша, бразилиялықтың жағдайы бір қарағаннан да ауыр. Ол Рафиньяның шаршау мен шамадан тыс жұмыстан зардап шеккенін айтты. Ал бразилиялықтың келесі ойында алаңға шығуы әзірге белгісіз.

Каталондықтардың келесі ойыны сәуірдің екіншіден үшіншісіне қараған түні өтеді. «Барселона» Испания Кубогының жартылай финалындағы сырт алаңдағы қарымта ойынын «Атлетикоға» қарсы өткізеді. «Монжуикте» өткен бірінші матчта командалардың әрқайсысы төрт голдан соғып тең нәтижемен тарқаған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie