Раде ДУГАЛИЧ: “Тура мағынада айтқанда бізден құтылғылары келді”
Раде Дугалич “Қайрат” сапынан кетуімен, чемпиондық маусым жайлы айтты, деп хабарлады Sport Plus Qazaqstan.
Дугалич Алматылық клубтың экс-қорғаушысы. 2019 жылы команда сапына қосылып, екі жыл Қазақстан чемпионатында өнер көрсетті. “Қайрат” командасымен вице-чемпиона және чемпион атағына ие. Ойыншының айтуынша, финанстық проблемалардың кесірінен легионер ойыншылардаң құтыла бастаған.
-“Қайрат” ФК сол кезеңде командада ұзақ уақыт өнер көрсеткен легионер ойыншылармен келісім-шартты бұза бастады. Клубта проблемар басталған соң, тура мағынада айтқанда бізден құтылғылары келді. Менің ойымша, клуб тарапынан бұл істері дұрыс болмады.
Қазақстанның басқа клубтарынан ұсыныс түскенімен Дугалич қабыл алмаған. Тек “Қайрат” клубында ойнаймын деп уәде берген екен.
-“Астана” және “Ордабасы” клубтарынан ұсыныс түсті. Алайда, мен Қазақстанда тек “Қайрат” сапында ғана ойнаймын деп бірнеше рет айтқан болатынмын.
Қазіргі уақытта қорғаушы Қытай елінде өнер көрсетеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49