QFL Екінші лигасының чемпионы AKAS клубын марапаттады
Алматы қаласында QFL Екінші лигасының “Оңтүстік-Батыс” конференциясының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды QFL әлеуметтік желіде. Осы орайда Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров “AKAS” футбол клубына алтын медальдарды табыстады. Шараға алматылық команданың басшылығы, бапкерлік штабы мен ойыншылары қатысты.
Осы жылы “AKAS” өз тарихында алғаш рет чемпион атанды. Олар QFL Екінші лигасына екінші рет қатысып, 18 мәрте жеңіске жетті. Нәтижесінде қарсылас қақпасына 59 гол соғып, 55 ұпай жинады. Сондай-ақ, клуб капитаны Сергей Гридин 20 голмен турнирдің үздік сұрмергені атағын иеленді. Шабуылшы Арсений Мелещенко болса, нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша екінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, алматылық ұжым келесі маусымда Бірінші лигаға қатысады
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52