locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Путинцева US Open-2024 1/16 финалындағы қарсыласын білді

Футбол 30 там 2024 03:35
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Путинцева US Open-2024 1/16 финалындағы қарсыласын білді

29 жастағы қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатының 1/16 финалында WTA рейтингінде бесінші орында тұрған Жасмин Паолинимен (Италия) кездеседі. Матч 31 тамыз күні Астана уақытымен 20:00-де басталады.

US Open-2024, 1/16 финал, жекелей сын

Юлия Путинцева (Қазақстан) – Жасмин Паолини (Италия)

Басталуы: 31 тамыз, 20:00 (Астана)

Бұған дейін Юлия 19 жастағы чехиялық Линда Носкованы (WTA 25) және қытайлық Синью Ванды (WTA 40) жеңген болатын. Сондай-ақ қазақстандық теннисші US Open-2024 турнирінен жұптық сынында да бақ сынады. Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге канадалық Габриэла Дабровски мен жаңа зеландиялық Эрин Рутлиф жүбынан 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.

АҚШ ашық чемпионаты, 1/32 жұптық сын

Төсеніш: хард

Юлия Путинцева (Қазақстан) & Лейла Фернандес (Канада) – Габриэла Дабровски (Канада) & Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия)

Есеп: 4:6, 2:6.