ПСЖ тренері Луис Энрике Чемпиондар лигасында клубтық антирекорд орнатты
Футбол
Бүгін 01:51
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: gettyimages.com
"ПСЖ" командасының бас бапкері Луис Энрике Лигасында париждік клубтың тарихында антирекорд орнатты. Бұл антирекорд 5-турда мюнхендік "Бавариядан" (0:1) минималды есеппен жеңіліс тапқаннан кейін орнаған. Бұл туралы Stats Foot порталы әлеуметтік желілерде хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметі бойынша, испандық маман Луис Энрике "ПСЖ" құрамында 17 матчта 8 рет жеңіліс тапты (4 жеңіс).
Ал бұған дейін клубтың тарихындағы ең нашар нәтиже француз маманы Лоран Бланға тиесілі болатын, ол "ПСЖ" командасын басқарған 30 матчта 7 рет жеңіліс тапқан.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бес матчынан кейін "ПСЖ" 4 ұпаймен 26-орында тұр.
Танымал жаңалықтар
Хоккей
Бүгін 04:26
Бокс
Бүгін 03:48