locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Примера. “Барселонаның” жеңісі және қызу андалусия дербиі

Примера. “Барселонаның” жеңісі және қызу андалусия дербиі

6 қазанда Испанияның жоғары дивизионы (Примера) аясында 9-турдың екі матчы өтті.

“Барселона” сырт алаңда “Алавесті” 0:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Ханси Фликтің командасы “Осасунадан” күтпеген жеңілістен кейін (2:4) жаңа жеңісті сериясын бастады. “Блауграна” 24 ұпаймен 1-орынды иеленіп тұр. “Алавес” 10 ұпаймен 13-орында орналасқан.

Андалусия дербиінде “Севилья” мықтырақ болды. Гарсия Пьентаның шәкірттері “Реал Бетисті” 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз гол пенальтиден соғылды. “Севилья” мен “Реал Бетистің” ұпайлары тең – 12, бірақ “бетикостар” гол айырмашылығының арқасында 10-орынды иеленсе, “нервиондықтар” 12-орында тұр.

Примера. 9-тур. 6 қазан

“Алавес” - “Барселона” – 0:3 (0:3)


Голдар: Левандовски, 7 (0:1); Левандовски, 22 (0:2); Левандовски, 32 (0:3)

“Севилья” - “Реал Бетис” – 1:0 (0:0)


Гол: Лукебакио, 50 (пенальти, 1:0)


Қызыл қағаз: Танги Ньянзу, 90

Айта кетейік, бұған дейін “Жирона” үш пенальти белгіленген ойында “Атлетик Бильбаоны” жеңген болатын.