locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Португалиялық көзқарас: ҚФФ ҚПЛ матчтарына апталық сараптама енгізеді

Футбол 17 сәу 2025 01:30
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Португалиялық көзқарас: ҚФФ ҚПЛ матчтарына апталық сараптама енгізеді
ФОТО: Getty Images

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман ел біріншілігі – Премьер-лигада төрелік жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтып өтті.

Оның айтуынша, енді әр аптаның дүйсенбі күні ҚФФ-ның ресми сайтында өткен тур ойындарының талдауы жарияланып, төрешілердің шешімдеріне түсініктемелер берілетін болады.

Бұл жұмысты 2025 жылдың наурызында төрелік және инспекция департаментінің директоры қызметіне тағайындалған португалиялық маман – Нуну Алешандре Паррейра де Каштру жүргізеді. Ол даулы сәттерге кәсіби баға беріп, әр турдан кейін төрешілердің жұмысын сараптайтын болады.

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан ұлттық құрамасы жайында да сөз қозғап, бас бапкер Магомед Адиевтің алдағы жоспарларымен бөлісті. Кеңесшінің айтуынша, алдағы уақытта құрама жасару мен дамуға баса назар аударады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie