Польша Омония жанкүйерлерінің баннеріне байланысты УЕФА-ға шағым түсірді
Футбол
30 қара 2024 07:46
Азат Максутбек
sports24 сарапшы
ФОТО: news-pravda.com
ЛК-нің "Легиямен" матчына дейін кипрліктер "Қызыл армия Варшаваны азат етті" деген тіркеспен кенеп іліп қойды. "Легия" мен Польша футбол федерациясы жанкүйерлер "тарихты бұрмалап","жалғанды жазған" деп мәлімдеді – Польша ресми түрде қызыл армия Варшаваны босатпады деп санайды.
Тарихшылардың айтуынша, Польшаны неміс фашистерінен босату кезінде 600 мыңға жуық кеңес әскері (оның ішінде қазақтар) қаза тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, ұжымдар арасындағы кездесу 29 қарашада өтті, жекпе-жек "Легияның" пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. Турнир кестесіндегі "Омония" 3 ұпаймен 28 - орында, "Легия" 12 ұпаймен 2 - орында.
Танымал жаңалықтар
Бокс
Бүгін 06:39
Хоккей
Бүгін 04:27