locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Поль Погбаның дисквалификация мерзімін қысқартты: ойыншы 2025 жылдың наурызында алаңға қайта оралады

ФОТО:  Getty images

Спорттық арбитраж соты (CAS) “Ювентустың” 31 жастағы жартылай қорғаушысы Поль Погбаның допинг қолданғаны үшін берілген дисквалификация мерзімін төрт жылдан бір жарым жылға дейін қысқартты, деп хабарлайды Daily Mail.

Ақпаратқа сәйкес, француз футболшысы 2025 жылдың қаңтарынан бастап “Ювентус” сапында жаттығуды қайта бастай алады, ал наурыз айында ресми матчтарға қатысуға рұқсат беріледі.

Еске салайық, Погба 29 ақпанда оң допинг-тест нәтижесіне байланысты дисквалификацияланған болатын. Ол 2023 жылдың 20 тамызында Италия чемпионатының бірінші турындағы “Удинезеге” қарсы матчтан (3:0) кейін допинг сынамасын тапсырған. Погбаның сынамасынан “эндогенді емес тестостерон метаболиттері” анықталған. Қазан айында “Б” сынамасы да оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.