locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Поль Погба 4 жыл футболдан шеттетілген соң мансабын аяқтауға жақын болғанын мойындады

ФОТО:  Getty_images
Поль Погба 4 жыл футболдан шеттетілген соң мансабын аяқтауға жақын болғанын мойындады

31 жасар Әлем чемпионы , Франция құрамасының ойыншысы Поль Погба допинг қолданғаны үшін төрт жылға дисквалификация алғаннан кейін мансабын аяқтауды ойлағанын мойындады.

“Мен футболды тоқтату туралы ойладым. Өз-өзіме: “Не істеймін енді? Төрт жыл ойынсыз, жаттығусыз — қай клуб мені қабылдайды?” – деп ойландым. Бірақ екінші жағынан, мен өзіме сеніп, әрдайым позитивті болуға тырыстым. Ешқандай қасақана қателік жасағаным жоқ екенін білдім. Қазір мен “Ювентус” сапындамын және дайындыққа толықтай көңіл бөлудемін. Жаттығуды жалғастырып жатырмын”, – деп келтіреді Погбаның сөзін ESPN.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Погбаның допинг сынамасы тестостеронға оң нәтиже көрсеткен болатын. Ақпанда жартылай қорғаушыны төрт жылға шеттеткен. Кейінірек CAS комиссиясы Погбаның апелляциясын жартылай қанағаттандырып, дисквалификацияны 18 айға дейін қысқартты және айыппұлды алып тастады. Жаза мерзімі 2023 жылғы 11 қыркүйектен бастап есептеледі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie