Плей-оффтағы драма: «Сандерленд» соңғы сәтте гол соғып, финалға жолдама алды


Чемпионшип плей-оффының жартылай финалы аясындағы қарымта кездесуде «Сандерленд» пен «Ковентри Сити» 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Сандерленд» қос матчтың қорытындысы бойынша (3:2) финалға жолдама алды. Бұл жеңіс командаға АПЛ-ға оралу мүмкіндігін сақтап қалуға жол ашты.
Фрэнк Лэмпард баптайтын «Ковентри» 76-минутта Мэйсон-Кларктың голының арқасында есеп ашып, финалға бір табан жақындаған болатын. Алайда бар үмітті «Сандерленд» жоққа шығарды: ойынның соңғы секундтарында, нақтырақ айтқанда, 120+2-минутта қорғаушы Даниэль Баллард таразы басын теңестіріп, өз командасына шешуші голды сыйлады.
Чемпионшип. Плей-офф, жартылай финал. Қарымта матч
«Сандерленд» — «Ковентри Сити» — 1:1
Голдар: Баллард, 120+2 — Мэйсон-Кларк, 76
Жалпы есеп— 3:2.
Енді «Сандерленд» плей-офф финалында АПЛ жолдамасы үшін «Шеффилд Юнайтедпен» күш сынасады.