locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ҚПЛ-дегі теңсіздік? Томасовтың жалақысы тағы дауға қалды

Футбол 26 нау 2025 09:48
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
ҚПЛ-дегі теңсіздік? Томасовтың жалақысы тағы дауға қалды
ФОТО: АСТАНА ФК

Асхат Тағыбергеннің жалақысына байланысты туындаған мәселесі аясында спорт журналисі Оңғар Қабден елордалық «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың айлық табысын жария етті.

Журналисттің айтуынша, Қазақстан Премьер-лигасында ойыншылардың жалақысындағы алшақтық әділетсіз бәсекелестікке әкелуі мүмкін.

«Үкімет футболшылардың жалақысын реттеу керек деген тапсырма берді. Томасов неге «Астанада» айына 22 миллион теңге алады? Ал «Қайсардағы» жігіттер 500-600 мың теңгеге қалай бәсекелеседі? Бұл — әділетсіз жағдай», — деді Қабден 1bol подкастында.

Хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов «Астана» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ол клуб үшін 130-дан аса матч өткізіп, 56 гол соқты және 57 нәтижелі пас берді. Томасов әлі күнге дейін Премьер-лиганың ең тиімді ойыншыларының бірі саналады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie