ҚПЛ турнирлік кестесі: «Астана» «Атырауды» жеңгеннен кейін қай клуб көш бастады?


30 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында кейінге қалдырылған матч өтті. Атырауда жергілікті «Атырау» клубы елордалық «Астананы» қабылдады.
Кездесу толығымен «Астананың» бақылауында өтті және қонақтардың сенімді жеңісімен аяқталды - 0:2. Әр таймда бір голдан соғылды: 36-минутта Назми Грипши пенальтиден есеп ашса, 71-минутта Марин Томасов есепті еселей түсті.
- Тағы да оқыңыздар: «Атырау» — «Астана» — 0:2. Грипши мен Томасовтың голдары. Голдар және матчқа бейнешолу
Бұл жеңістің арқасында «Астана» 17 ұпай жинап, дәл осындай көрсеткіші бар «Қайратты» қуып жетті. Екі команда да 7 матч өткізді. Қазір олар 13 ұпайы бар «Елімай» мен «Ақтөбеден» төрт ұпай алда. Бұл екі клуб алты ойыннан кейін осындай нәтижеге қол жеткізді.
ҚПД-дің 7-туры 3-4 мамыр күндері өтеді. Аталған тур аясында 3 мамырда «Қайрат» сырт алаңда «Ұлытаумен» кездессе, 4 мамырда «Астана» қонақта «Қайсарға» қарсы ойнайды.
Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесі


Теннис
Кеше 23:15


Басқа спорт түрлері
Кеше 16:29