ҚПЛ қорытындылары. Қайрат неге чемпион атанды, ал Шахтер соңғы орында?
10 қараша күні, Қазақстан Премьер-лигасынының соңғы турының ойындары өтті. Биылғы маусымды тартысқа толы болды деп айтуға толық хақымыз бар. Аутсайдерлер, фавориттерге маусым барысында біраз азу тісін батырды. Ал чемпиондық атақ, соңғы турға дейін анықталмады. Бұл Премьер – лигада жие кездесетін құбылыс емес. Жылдар бойы чемпиондық атақ, маусымның аяқталуына екі – үш тур қалған кезде анықталатын. Тіпті, осы маусымда бес бірдей команда, соңғы турларға дейін алтынға үміткер еді. Алайда, чемпиондық таласта, “Қайрат” командасы өзінің 70 жылдық мерейтойына сыйлық жасады. Соңғы ойында, “Атырауға” пенальтиден гол салып, алтыннан алқа тағынды. Елордалық “Астананың” клубы, “Жетісуді” ойсырата жеңгені де көмектеспеді. Алматылық жігіттер турнирлік кестеде Григорий Бабаян шәкіттерінен бір ұпайға көп жинаған. Үздік үштікті – “Ақтөбе” түйіндеді. “Ордабасы” еурокубоктардан қалыс қалмай 4-ші орынды иеленді. Енді, әр командаға жеке тоқталып кетейік.
Sports24.kz Қазақстан Премьер – лигасының өткен маусымын қорытындылады
“Қайрат” футбол клубы
Алматылық клубтың соңғы екі жылда болашағы бұлыңғыр болды. Себебі, клуб иесі Қайрат Боранбаев абақтыға тоғытылды, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылғы маусымда, “Қайрат” командасы өзінің тәрбиленушілеріне сенім артты. Тек, шабуылшы, орталық қорғаушы позицияларына легионер ойыншы алды. Биылғы маусымда, Боранбаев мемлекетке миллиартаған ақша қайтарып, бостандыққа шықты. Клуб құрамы сапалы ойыншылармен толықты. Құрамға, грузиялық ойыншы Зария қосылды. Қазақстанда үздік шабуылшылардың бірі – Жоао Пауло команда сапында қалды. Тәжірибемен, жастық жалын қосылған команда биыл чемпион атанды. Атап кеткен жөн, Жоао Пауло чемпионаттың үздік бомбардирлерінің қатарында.
Чемпиондар сапында осы маусымда екі бас бапкер ауысты. Маусымды Кирилл Кекер бастаған еді. Кекер кезінде команданың 13 тәрбиеленушісі алаңда дебют жасады. Алайда, сәтсіз серияның кесірінен бапкер қызметінен кетті. Тізгінді, ресейлік бапкер Александр Кержаков алды. Алайда, басты қарсыластары “Астанаға” есе жібергеннен кейін, Боранбаевпен сөздері жараспады ма, Кержаков бас бапкер қызметінен кетті. Ресейлік маман, “Қайраттың” чемпион атануға барлық мүмкіндіктері бар деп айтып кеткен болатын. Алтын иеленуге Кержаковтың тікелей еңбегі бар. Себебі, команда Кержаков бас бапкер болған сәтте, 12 ойында 6 жеңіске жетіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберіп, 3 мәрте тең тарқасқан еді. Кекермен, Кержаковтан кейін, бас бапкер қызметіне Рафаэль Уразбахтин тағайындалды. Айта кететін жайт, Кекер қызметінен кеткен сәтте, команданы бір ай Уразбахтин жаттықтырды. Маусым басынан бапкерлер құрамында жүрген Уразбахтин Алматылық команданы чемпиондыққа жеткізді. Алайда, әр бапкердің чемпион атануға деген үлесі бар. Уразбахтиннің бас бапкер қызметінде қалатынына сенімім аз. Алдағы маусымда команда Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғайды. Сол себепті, басшылық шетелден тәжірибесі бар маманды шақыратын сияқты.
“Астана” футбол клубы
Григорий Бабаян шәкіттері маусымды сәтсіз бастады. Басты қатты болғанмен, маусым соңы күміс медаль. Турнирлік кестедегі екінші орын бұлай тұрсын, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алған елдегі жалғыз команда. Ол аз десеңіз әр кезеңіне қыруар қаражат төлейтін QFL Лига кубогының финалына жолдама алды. Маусым басында, Елордалық команданың тарапына сын көп айтылды. “Астана Арена” жөндеу жұмыстарына жабылды. Ал команда чемпионаттың барлық ойындарын Алматыда өткізді. Стадионда қолдайтын жанкүйерлер аз, маусым басында турнирлік кестенің ортасында. Алайда, маусым соңында Елордалық ұжым бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Соңғы ойынға дейін, чемпиондыққа таласты. Ойындар кестесінің тығыздығына байланысты ма, “Тоболмен” өткен шешуші ойындардың бірінде “Астана” есе жіберді. Қостанайлық команданы ұтқан сәтте, алтын қолдарында тұр еді. Тіпті, Конференция лигасының ойындарына қосалқы құрамын жіберіп отырды. Себебі, алтынға деген талас соңғы турға дейін жалғасқан еді. Бірнеше жылдар бұрын Елордалық команда чемпиондықты, маусым аяқталмай жатып тойлайтын. Соңғы маусымдарда жағдай өзгерді. Нәтиже, күміс медаль, Конференция лигасының топтық кезеңі және QFL Лига кубогының финалы. Еске сала кетейік, “Астана”, 12-ші желтоқсан күні “Челси” командасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл да, Қазақстан футбол үшін үлкен жетістік шығар. Күнде, Палмер, Мудрик сияқты жұлдыздарды көре бермейміз.
“Ақтөбе” футбол клубы
“Ақтөбе” командасы емес, клуб жанкүйерлері қола медаль иеленді десе қате болмас. Қазақстанда бұл команда жанкүйерлерінің қолдауын бәрі біледі. Толық стадион жинап, команданы алға жетелейді. Турнирлік кестеде команда үштікте болса, жанкүйерлері бірінші орында.
“Ақтөбе” бірнеше маусым чемпиондыққа қол жеткізе алмай жүр. Сапында сапалы легионерлер, Ұлттық құрама ойыншылар бар. Алайда, көшбасындағы командалармен кездесулерде жолдары болмады. “Астанаға” есе жіберді, “Тобол” тобықтан шалды. Тікелей қарсыластарынан ұпай жинағанда, “Ақтөбе” чемпондыққа үміткер болатын еді. Атап айтатыны, Ақтөбелік клуб бірнеше маусым жүлделі орындарда келеді.
“Ордабасы” футбол клубы
Өткен маусымның чемпиондары биыл, атақтарын қорғай алмады. Алдағы маусымда, шымкенттік команданың басшылығы ауысса таңғалмаңыздар. Себебі, бұл команда да бұл заңды құбылыс. Тұрақтылық болмағасын, турнирлік кестедегі нәтиже 4 – ші орын. Қазақстанда бюджеті ең көп команда, Еурокубоктық аймаққа ілінді. Келесі маусымда, “Ордабасы” Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Маусымды бас бапкер қызметінде Александр Седнев бастады. Чемпиондық маусымнан кейін команда көп ойыншыларын сақтап қалды, бірнеше легионерлерді қатарына қосты. Седневті, бірнеше рет отставкаға кетеді деді, алайда, басшылық соңына дейін сенді. Нәтижесінде, Конференция Лигасындағы жеңілістен кейін, бас бапкер қызметінен кетті. Тізгінді, бұл жолы “Қайраттан” кеткен Кирилл Кекер алды. Кекер келесі маусымға қалмайды. Себебі, шымкенттіктердің үкілеген үмітін, бапкер ақтамады. Чемпиондыққа таласу былай тұрсын, төрттіке әзер ілікті.
“Тобол” футбол клубы
Қостанайлық команданы чемпиондыққа жеткізген әкім Архимед Мұхамбетов, қызметінен кеткеннен кейін, “Тобол” топ командалардың қатарына ілікпеді. Облыс келесі маусымда Еурокубоксыз қалды. Арнайы салынған футбол манежімен, Еурокуботарды қабылдай алатын стадионы бар команда, тек Қазақстан чемпионатының ойындарын өтізеді. Құрамы да, үздік үштікке ілінген командалардан кем емес. Команданың бюджеті биылғы маусымда – 1.8 млрдты құрады. Өткен маусымда сырт алаңда “Базельді” жеңіп ат ой салған команда, биыл айтарлықтай нәтиже көрсете алмады.
Маусымды бас бапкер қызметінде Милан Чурчич бастады. Ол командамен бірге Қазақстан кубогын және Суперкубогіне қол жеткізген болатын. Биылғы маусымда сербиялық маман өзіне артқан сенімді ақтай алмады. Чурчичтің орнын қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев басты. Нәтижесі, “Тобол” чемпионатты 5-ші орында аяқтады.
“Елімай” футбол клубы
Өткен жылы Бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алған “Елімай” чемпионатты 6-шы орында аяқтады. Облыс әкімнің қолдауына ие команда үшін барлық жағдай жасалуда. Стадион жөндеу жұмыстарынан өтіп, қалыпқа келтірілді. Жаңа стадион құрылысы басталды. Бірінші лигада чемпиондыққа жеткізген Самат Смаковтың орнына, Андрей Карпович келді. Қазақстанда бірнеше клуб тізгіндеп жақсы нәтиже көрсеткен маман, биыл жүлдеге ілікпеді. Чемпионаттың соңғы 4 ойынында жеңіліс тапқан семейлік команда, бірден алтыншы орыннан табылды. Айта кететін жайт, басшылық Андрей Карповичпен келісімшартты ұзартты.
“Атырау” футбол клубы
Фавориттердің қорқынышты түсіне айналған команда ол – “Атырау”. Бұл ұжым турнирлік кестенің жоғарғы жағында тұрған командаларға біраз қиындық туғызды. Соңғы турда кім чемпион атанатыны “Атырау” – “Қайрат” командалары арасындағы кездесуде шешілді.
Өткен маусымнан басты ойыншыларын сақтап қалған команда, биыл біраз атой салды. Виталий Жуковский тізгіндеген команда Қазақстан кубогының финалына дейін жетті. Алайда, “Ақтөбеден” басым түсе алмады. Осы маусымда “Атырау” қақпасына төрешілер қателігінен бірнеше пенальти белгіленді. Бұл жайлы, футбол жанкүйерлері де жарыса жазды. Қазақстан кубогі финалыннан кейінде, атыраулық команданың ойыншысы төрешілікке көңілі толмайтыны жайлы айтты. “Атырауға” чемпионатты турнирлік кестенің ортасында аяқтау әдетке айналған сияқты. Чемпионаттағы нәтиже 7-ші орын.
“Қайсар” футбол клубы
Қаржылық қиындыққа тап болған команда маусымды 8-ші орында аяқтады. 3 ай жалақы алмаған ұжым соңғы турларда өнер көрсеткісі де келмеген сияқты. Өткен маусымнан бас бапкер қызметінде қалған Кумыков мырза, басты ойыншыларын құрамында сақтап қала алды. Алайда, қызылордалық команда маусымның басында 4 – ойында жеңіске жете алмады. “Қайсардың” қарқын алуы қиын болды. Қаржылық мәселе туындамай тұрып, “Қайсар” фавориттерді бірде ұтып, бірде тең ойнап жүрді. Басшылық жалақы мәселесін шешпесе, алаңға шықпаймыз деп байкот жариялады. Алайда, соңғы турда, “Тоболдың” төрттікке кіреміз деген үмітін үзді. Команданың қаржылық мәселесі шешілмесе, алдағы маусымда не күтіп тұрғаны белігісіз.
“Қызылжар” футбол клубы
Петропавлдық команданың алдында биыл жүлдеге ілігу деген мақсат қойылған еді. Клубтың бюджеті де аз емес. Өткен маусымда бесінші орында тұрақтаған командаға биыл жанкүйерлер үмітпен қарадаы. Алайда, сенім ақталмады. Қола былай тұрсын, “Қызылжар” соңғы турда “Жеңіспен”, 9-шы орынға таласты. Маусымды сәтті бастайтын ұжым, чемпионатты барысында турнирлік кестенің жоғарғы жағында қалуға әлеуеті жетпейді. Бұл жайт бірнеше маусым қайталанып келе жатыр. Команда комбинациялық футбол көрсетеді, допқа иелік етеді, гол салуға келгенде білгендерінен жаңылады. Әли Әлиев команданы үшінші маусым баптап келеді. Команда тек соңғы турларда, жеңіске жете бастады. Биылғы нәтиже, 9-шы орын.
“Жеңіс” футбол клубы
Қайта жанданған “Жеңіс” командасы Премьер – лигаға биыл қосылды. Дебюттан үшін жоғарғы лигада қалудың өзі үлкен жетістік. Чемпионаттың бел ортасында командадан біраз футболшы кетті. Ойыншылармен бірге, бас бапкер Леван Коргалидзе де отанына аттанды. Оның орнына – грекиялық маман Акис Вавалис келді. Құрамы жаңарған команда, біртіндеп кездесулерде ұпай жинап, соңғы орыннан көтеріле бастады. “Жеңіс” Премьер – лигада қалып өзінің басты мақсатын орындады. Нәтиже, 10 – шы орын.
“Жетісу” футбол клубы
Талдықорғандық клубты биылғы маусымда Қайрат Нұрдәулетов тізгіндеді. “Жетісу” Қазақстандық ойыншыларға сенім артқан командалардың бірі. Чемпионатты жақсы бастып, тіпті, турнирлік кестеде көш бастады. Алайда, қосалқы құрамның аздығы әсер етті ме, “Жетісу” маусымды тек 11 – ші орында аяқтады.
“Тұран” футбол клубы
Түркістандық команда араға бір жыл салып, қайта Премьер – лигаға оралды. Бұл жолы команданы қазақстандық маман Ринат Алюетов тізгіндеді. Клуб Премьер – лигадағы орнын сақтап қалды. Түркістандық клуб, маусымның басым бөлігін шымкент қаласында ойнаған болатын.
“Шахтер” футбол клубы
“Шахтер” командасы алғаш рет өз тарихында Премьер – лигадан ұшып кетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын, Еврокубоктарды сәтті ойын көрсеткен команда, алдағы маусымды бірінші лигада бастайды. Клуб биылғы маусымда, алаңда өзінің түлектеріне сенім артты. Маусымның ортасында бірнеше, ойыншылар қатарына қосылғанымен, еш көмегі болмады. Нәтижесінде, қарағандылық клуб чемпионатта соңғы орын алды.
Қорытындылай келе, биылғы маусымда Қазақстан футболының деңгейі мен командалар арасындағы бәсекелестіктің артқаны байқалды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52