locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ҚПЛ клубтары әйелдер командаларын құруға міндеттелді

Фото: X (twitter)
ҚПЛ клубтары әйелдер командаларын құруға міндеттелді

Қазақстан Премьер-лигасына қатысушы клубтар міндетті түрде әйелдер командаларын құруы тиіс. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайтында хабарланды.

УЕФА қамқорлығымен турнирлерге қатысатын барлық клубтар әйелдер командаларын құруы керек. Бұл талапты орындамай, клубтар лицензиялауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

УЕФА атқару комитетінің шешіміне сәйкес ҚФФ Атқару Комитеті клубтарды лицензиялау бойынша жаңартылған ережелерді бекітті. Осы Қағидаларға сәйкес, Қазақстан Премьер-лигасының барлық қатысушылары ұлттық біріншілікке қатысу үшін әйелдер командаларын құруы тиіс.

Бұл шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ол 2034 жылға дейін есептелген қазақстандық футболды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі болып табылады. Бұл стратегияның маңызды нүктелерінің бірі – елдегі әйелдер футболын дамыту.

Бұған дейін ҚФФ тоғыз футбол алаңын жаңартатыны хабарланған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie