locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ айдың үздік ойыншысы мен бапкері белгілі болды

ҚПЛ айдың үздік ойыншысы мен бапкері белгілі болды

Қайрат шабуылшысы Жоау Пауло Премьер-лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы QFL сайты хабарлады.

Өткен айда 36 жастағы шабуылшы 2 матчта 2 гол соқты. Оның еншісінде осы маусымда 6 гол және 2 голдық пас бар.

Айдың үздік бапкері болып Қайрат жаттықтырушысы Александр Кержаков атанды. Оның баптауымен қара-сарылар екі матчта жеңілмеді, және олар қазір 31 ұпай жинап көш басында келеді.

Айдың үздік ойыншысына команда бапкерлері мен капитандары дауыс берсе, бапкерлер өзара дауыс беру арқылы үздік бапкерді анықтайды.