locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ 19 туры осы маусымның жанкүйерлер келуінен рекорд орнады

Фото: Астана

Қазақстан премьер-лигасының 19 туры жанкүйерлер келуден рекорд орнады. Бұл туралы KazFootball хабарлады.

19 турдың барлық ойынына жалпы 38 573 адам келген. Бұл маусымның жаңа рекорды. Өткен рекорд бесінші турда, 37 106 жанкүйер келген кезде орын алған еді.

19 турда ең көп жанкүйерлер Қайрат - Астана ойынына келген. Ойынға 15 473 жанкүйер келді.

Ең аз жанкүйер Шахтер - Жеңіс (0:0) арасындағы ойынға келді. Бұл ойынға бар-жоғы 1,5 мың адам келді.