locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Петер Шмейхель: "Мен Тен Хагтың Хойлундты дұрыс пайдаланбайтынын жиі көрдім"

Петер Шмейхель: "Мен Тен Хагтың Хойлундты дұрыс пайдаланбайтынын жиі көрдім"

Дания құрамасының аңызы Петер Шмейхель жас талантты қолдады. Аңыз ойыншының айтуынша, Расмус әлемнің ең үздік ойыншыларының біріне айнала алады.

«Расмус Хойлундтың мүмкіндіктері мен әлеуеті керемет. Ол 21 жасқа қарамастан өте жетілген ойыншы, әрі ол бұдан да мықты бола алады, себебі Рууд Ван Нистелрой маған жеке өзі Расмусты ерекше ойыншыға айналдырудың жолын білетінін айтқан.

Мен Тен Хагтың Хойлундты дұрыс пайдаланбайтынын жиі көрдім, бірақ бір күні бұл өзгереді деп үміттенемін»,-дейдә Петер.

Естеріңізге сала кетейік, Расмус 2023 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедке» 74 миллион еуроға ауысты. Клуб сапында шабуылшы 43 ойын өткізіп, 16 гол соқты.