Перес Дьёкерешті Реалда көргісі келеді
Мадридтік "Реал" Лиссабонның "Спортинг" командасының швед шабуылшысы Виктор Дьёкерешке қызығушылық танытуда, деп хабарлайды испандық El Gol Digital басылымы.
Ақпарат көздеріне сәйкес, "Реал" басшылығы 26 жастағы шабуылшысын командадағы екі шабуылшының бірі - Винисиус Жуниор немесе Килиан Мбаппенің орнына қарастырып жатыр. Себебі клубта қазір қиын кезеңдер байқалады, ал Мбаппе ойыны мен нәтижесі күткен үмітті ақтамады.
Сонымен қатар, команда басшысы Карло Анчелотти Винисиус Жуниордың психологиялық және моральдық қысымнан нәтижелілігін жоғалтуы мүмкін екенін айтады. Бұл оның 2024 жылғы "Алтын допты" ала алмауы және ұлттық құрамасында үнемі сәтсіздіктерге ұшырауы себебінен туындауы мүмкін.
Қосымша ақпаратқа сәйкес, "Реал" клубының президенті Флорентино Перес Дьёкерешті Винисиус пен Мбаппенің болашақ жағдайына қарамастан, командаға алу мәселесін шешуге ниетті. Перес швед шабуылшысын клубтың алдағы мәселелерін шешетін шешім деп санайды.
"Спортинг" клубы шабуылшысын €100 миллионға сатуға дайын. Бұған дейін, Дьёкерешке қызығушылық танытып отырған тағы бір команда - каталондық "Барселона" екені хабарланған.
Дьёкереш осы маусымда 22 матчта 32 гол соқты.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49