locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Пеп Гвардиола тек бір ғана шартпен Италия клубтарының бапкері атанудан бас тартпайтынын айтты

ФОТО:  Getty images
Пеп Гвардиола тек бір ғана шартпен Италия клубтарының бапкері атанудан бас тартпайтынын айтты

“Манчестер Ситидің” бас бапкері Пеп Гвардиола өзінің болашақ мансабы туралы ойымен бөлісті.

“Мен бұл туралы ойлануым керек, мен әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқпын. Әрі қарай қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Бірақ Роберто Баджо менің көмекшім болуға келіссе, мен Италия клубтарының жаттықтырушы болып келемін”, - деді Гвардиола Che Tempo Che Fa бағдарламасында.

Айта кетейік, Гвардиола мен Баджо 2000 жылдардың басында итальяндық “Брешияда” бірге ойнаған.

Гвардиоланың “Манчестер Ситимен” келісімшарты 2025 жылдың жазында аяқталады, ал бапкердің өзі келісімшарт аяқталғаннан кейін клубтан кету мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie