locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Пеп Гвардиола: "Лаутаро Мартинес - керемет ойыншы"

ФОТО:  Getty images

“Манчестер Ситидің” бас бапкері Пеп Гвардиола “Интердің” шабуылшысы Лаутаро Мартинес жайлы жылы сөздерді айтты.

“Ол ”Алтын допты" жеңіп алуы мүмкін, әрине, мен “Сити” ойыншыларының бірінің бұл жүлдені алғанын қалаймын, бірақ Лаутаро Мартинес - керемет ойыншы, ол “Интер” командасының капитаны , Аргентина құрамасында ойнайды және Әлем және Америка кубогының чемпионы, әрине, ол ерекше ойыншы", - Гвардиола өз деп ойымен бөлісті. Бапкердің сөзін TyC Sports жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Алтын допқа” үміткер 30 үміткердің тізімін жариялаған болатынбыз. Үміткерлер қатарында “Интер” капитаны және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лаутаро Мартинес те бар.