locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Пеп Гвардиола Эдерсонның орнына «Манчестер Сити» қақпасына үміткерді анықтады

Пеп Гвардиола Эдерсонның орнына «Манчестер Сити» қақпасына үміткерді анықтады
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола Эдерсонның орнына Португалия мен «Порту» қақпашысы Диогу Коштаны сатып алғысы келеді.

Эдерсон 2017 жылдан бері «Ситидің» бірінші таңдаулы қақпашысы болды және бірнеше рет АПЛ титулдарын және 2023 жылы Чемпиондар лигасының кубогын жеңіп алды. Дегенмен, бразилиялық қақпашы маусым басынан бері денсаулығы сыр бере бастады, бұл Гвардиоланы оның орына қақпашы іздеуге итермеледі.

Пеп Португалия құрамасы мен «Порту» қақпашысы Диогу Коштаны сатып алғысы келеді. Қақпашының клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамлды. «Манчестер Сити» бастықтары Коштаға осы жазда сатып ала алатындарына сенімді. Шамамен трансфер құны 50 млн еуроға бағаланып отыр.

Ағылшын алпауыттары осы жазда күрделі жөндеуді жоспарлап отыр және «Барселонаның» жас таланты Ламин Ямаль үшін 275 миллион еуро ұсынып үлгерді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie