Павел ЯКОВЛЕВ: “ Қазақстанда ауызшы келісім сақталмайды”
“Қызылжар” командасының экс-ойыншысы Павел Яковлев Sport24.kz редакциясына берген эксклюзивті сұхбатында “Елімай” басшылығы сөзінде тұрмағаны жайлы айтты.
Павел, Бірінші лига чемпион атанғаннан кейін “Елімай” командасынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс болған жоқ па?
-“Елімай” сапына келген тұста, біздің басшылықпен егер Бірінші лиганы чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алатын болсақ, команда құрамында қаламын деп келіскен едік. Премьер – лигаға шыққан жағдайда, келісімшартты қайта қарастырамыз деген сөз болды. Алайда, Қазақстанда ауызшы келісім сақталмайды. Жаңа бапкердің келуі, әр бапкердің өзіндік таңдауы бар. Маған жаңа келісімшарт ұсынылған жоқ. Көңілім түскені рас, бірақ, бұл футбол. “Елімай” сапында ары қарай ойнағам келді.
Павел Яковлев, Қазақстан “Қызылжар” және “Елімай” командалары сапында өнер көрсетті. Петропавлдық команда құрамында Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнаса, Семейлік клубпен бірген Бірінші лиганың чемпиона атанды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49