locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Павел ЯКОВЛЕВ: “Қазақстан чемпионатында төрешілердің деңгейі өте төмен”

Футбол 09 қара 2024 11:07
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Павел Яковлев: “Қазақстан чемпионатында төрешілердің деңгейі өте төмен”
ФОТО: Getty Images

“Қызылжар” командасының экс-ойыншысы Павел Яковлев Sport24.kz редакциясына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан чемпионаты жайлы айтты.

Павел, Бірінші лига чемпион атанғаннан кейін “Елімай” командасынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс болған жоқ па?

-“Елімай” сапына келген тұста, біздің басшылықпен егер Бірінші лиганы чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алатын болсақ, команда құрамында қаламын деп келіскен едік. Премьер – лигаға шыққан жағдайда, келісімшартты қайта қарастырамыз деген сөз болды. Алайда, Қазақстанда ауызшы келісім сақталмайды. Жаңа бапкердің келуі, әр бапкердің өзіндік таңдауы бар. Маған жаңа келісімшарт ұсынылған жоқ. Көңілім түскені рас, бірақ, бұл футбол. “Елімай” сапында ары қарай ойнағам келді.

Сіз Қазақстанда 3 жыл ойнадыңыз. Чемпионатта инфрақұрылымнан бөлек, басқа не таңқалдырды?

-Бірінші кезекте мені төрешілік деңгейі таңқалдырды. Себебі, төрешілердің деңгейі өте төмен. Әрдайым, төрешілік төңірегінде жанжал. Сонымен қатар, Қазақстанда логистика жағы қиын. Автобус, поездбен кейбір қалаларға баруға тура келетін. Тек кейбір қалаларда сапалы алаңдар бар. Көп жағдайда алаңға үйрену қажет болатын. Әрбір қалада жаңа стадиондар салынып, жанкүйерлерге жағдай жасалса жақсы болатын еді.

Қазір сіз “Broke Boys” медиа-командасында ойнайсыз. Неліктен медиа-футболға кетуге шешім қабылдадыңыз?

-Менің көңілімнен шығатын командаларлан ұсыныс болған жоқ. Одан бөлек, бірінші немесе екінші лигада ойнап, өзге қалада жүргім келмеді. Ал медиа лига көбінесе Мәскеуде өтеді. Біз финалда өнер көрсеткен кезде 30 мың жанкүйер келді. Бұл керемет эмоция. Сонымен қатар, таныстар көп және қаралымда жақсы жиналады. Барлығы медиа тұрғысында дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Қазіргі уақытта, “Матч Премьер” каналында сарапшымын. Өзіме қатты ұнайды.

Келесі маусымда Қазақстан Премьер-Лигасынан ұсыныс түссе, оны қабылдар ма едіңіз?

-Егер командалардан ұсыныс түскен жағдайда, мен келіссөз жүргізуге дайынмын. Әрине, Қазақстанға қайта оралғым келеді. Бірінші кезекте, Премьер – лига командасында өнер көрсеткім келеді.

Сізді “Челси” және басқа да еуропалық клубтар қатарында көргісі келді деген ақпарат бар. Нақты ұсыныстар болды ма, әлде тек қауесет пе?

-Бұл ұсыныстар менің мансабымның басында болған еді. Мәскеулік “Спартак” сапында жүрген кезде, “Челсиден” трансферлік ұсыныс түскен болатын. Бельгиялық “Генк” немесе “Гент” клубтарынан да қызығушылық болды. Алайда, мен “Спартакта” қалуға шешім қабылдадым.

Қазақстан командаларының ойын мәнеріне үйрену қиын болды ма?

-Қазір футболда тартыс көп. Ал Қазақстан чемпионатында бұл бірінші кезекте. Алаң сапасы төмен болғандықтан, әдемі ойын өрнегін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сол себепті, тартысқа үйренуге тура келеді. Көп ойындар минималды есеппен аяқталатын. Голдар аз соғылатын. Алайда, осындай ортаға бейімделесің.

Сіздің бұрынғы клубыңыз “Қызылжар” биылғы маусымда өте сәтсіз ойын көрсетуде. Петропавлдық клубтың ойындарын бақылайсыз ба?

-Әрине, бұрынғы клубымның ойындарын бақылаймын. Команда да өнер көрсететін достарым бар. Қазір сәтсіз ойын өрнегін көрсетіп жүргенін білемін. Оған өзіндік бір себептері бар деп ойлаймын. Баслышылық ауысты, жыл сайын жаңа ойыншылар келеді. Команда сапында қазір ойнамасам да, ойындарын бақылып тұруға уақыт табамын.

ҚФФ-ке жақын дереккөз жаңа президенттің ештеңе өзгертетініне сенбейді

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie