locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Павел ЕВТЕЕВ: “Тобыл үшін келесі тур шешуші болады”

Павел ЕВТЕЕВ: “Тобыл үшін келесі тур шешуші болады”

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев қостанайлық "Тобылдың" осы маусымда Премьер-лига жүлделерін алу мүмкіндіктері туралы өз ойымен бөлісті.

"Чемпионаттың соңғы нәтижесін болжау қиын. "Тобыл" үшін Қостанайда өтетін "Ордабасыға" қарсы матч, яғни келесі тур шешуші болмақ. Осыдан кейін қостанайлықтар жүлдеге үміткер бола ма, жоқ па, соны нақты айтуға болады. Көктемгі ойындардан бастап, "Тобыл" чемпионатта біркелкі емес өнер көрсетуде және тұрақтылық болмай тұр", - деп келтіреді Евтеевтің сөзін Sports.kz.

Айта кетейік, 20 турдан кейін "Тобыл" 30 ұпаймен сегіз жеңіспен турнир кестесінде алтыншы орынға ие болып, жетекші "Ордабасадан" тоғыз ұпайға артта қалды.