locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Парфёнов Ковтунды өзінің орнына тағайындауды ұсынды

Парфёнов Ковтунды өзінің орнына тағайындауды ұсынды
Парфёнов Ковтунды өзінің орнына тағайындауды ұсынды

Дмитрий Парфенов «Ақтөбеден» кеткеннен кейін сұқбат беріп, орнына жұмыс істей алатын кандидатты да ұсынды:

«Иә, менің командадан кеткенім шындық. Ал, Юрий Михайлович Ковтун жайлы әзірге нақты шешім жоқ. Мен басшылықтың орнында болсам, оны өзімнің қызметімде қалдырар едім. Ол келісе ме, жоқ па деген сұрақ ғана бар. Мен оның біз бастаған жұмысты аяқтап, Қазақстан кубогын жеңіп алатынына сенімдімін.

Мен кеткен кезде команда чемпионатта көшбасшыдан бір ұпай ғана қалып, екінші орында болды. Алда әлі де көшбасшылардың өзара кездесулері бар еді. 11 жыл бойы команда айтарлықтай жетістікке жете алмады, бірақ қазір мүмкіндік өте жақын болған», - деді ресейлік маман МАТЧ ТВ тілшілеріне.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» ФК-ның бұрынғы бас бапкері чемпионаттың 19-шы турында «Елімайға»(1:3) жеңілгеннен кейін командадан кеткен болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie