Парфенов «Ақтөбеге» оралуы мүмкін екенін жоққа шығармайды: Барлығы кез келген сәтте өзгеруі мүмкін


Футболдан «Ақтөбе» клубының бұрынғы бас бапкері Дмитрий Парфенов команданың жетістіктерін әлі де бақылап жүр екенін айтып, Қазақстан чемпионатына қайта оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Ресейлік маманның айтуынша, футболда да, өмірде де алдын ала болжам жасау қиын.
– «Футболда да, өмірде де бәрі әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Командадағы жағдайды дұрыс бағалау үшін оның ішінде болу керек. Соңғы уақытта «Ақтөбеден» маған жұмыс туралы ұсыныс түскен жоқ», – деді Парфенов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, 50 жастағы Дмитрий Парфенов «Ақтөбені» 2023 жылдың желтоқсанынан бастап 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жаттықтырған. Одан кейін бас бапкер қызметіне украиналық Игорь Леонов келген еді, алайда ол 2025 жылдың сәуір айында отставкаға кетті. Қазіргі уақытта команданы бұған дейін Леоновтың жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген Беларусь маманы Вячеслав Левчук басқарып отыр.
КПЛ-2025 маусымының алғашқы алты турынан кейін «Ақтөбе» турнирлік кестеде 13 ұпаймен төртінші орында тұр. Команда көш бастап тұрған «Қайраттан» төрт ұпайға қалып келеді.

Футбол
Кеше 23:21