locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Паралимпиада ойындарына қатысушыларға мемлекеттік ту табыс етілді

Паралимпиада ойындарына қатысушыларға мемлекеттік ту табыс етілді

Үкімет басшысы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушыларға мемлекеттік туды табыс етті

Премьер-Министр Олжас Бектенов XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы мүшелерімен кездесті.

Мемлекеттік туды ұлттық паралимпиада құрамасының мүшелері – Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетов (отырып ойнайтын волейбол) пен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева (пара оқ ату) ұстап жүреді.

2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына 44 қазақстандық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия алды.

Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.