locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Парагвайлық ойыншы Мессиден бүкіл елдің атынан кешірім сұрады

Парагвайлық ойыншы Мессиден бүкіл елдің атынан кешірім сұрады
ФОТО: Getty Images

Парагвайлық футболшы Омар Альдерете әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матч кезінде Аргентина жұлдызы Лионель Мессиге бөтелке лақтырылғаны үшін кешірім сұрады.

Оқиға Месси бұрыштама көтеруге бара жатқан кезде орын алды. Парагвайлық жанкүйерлер “Барселонаның” бұрынғы ойыншысына бөтелке лақтырды. Альдерете енді Мессиден жанкүйерлердің әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Құрметті Лео Месси, біреу сізге бөтелке лақтырған сәтсіз оқиға үшін өз елімнің атынан кешірім сұрағым келеді. Сіз біздің елдегі және дүние жүзіндегі миллиондаған адамның пір тұтатын адамысіз (әсіресе Федериконың).

Біз сізге деген сүйіспеншілікті көрсетпейтін бұл құрметсіз әрекетке қатты өкінеміз", - деп жазды парагвайлық ойыншы әлеуметтік желіде.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Парагвайдан күтпеген жерден 2:1 есебімен жеңілді. Бұл қазіргі әлем чемпиондарының іріктеу кездесулеріндегі үшінші жеңілісі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie