locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Палмерcіз және Деклансыз: маңызды ойындар алдында Англия тағы қандай ойыншыларға сенім арта алмайды

Палмерcіз және Райссыз: маңызды ойындар алдында Англия тағы қандай ойыншыларға сенім арта алмайды
ФОТО: Getty images

Осы аптада Англия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының В лигасындағы соңғы матчтарын Грекия және Ирландия командаларына қарсы өткізеді. Алайда бұл кездесулерде ағылшын құрамасына бірнеше маңызды ойыншылар жетіспейді.

Футбол қауымдастығының ресми мәліметіне сәйкес, жарақаттарға байланысты құрамаға Коул Палмер, Фил Фоден, Джек Грилиш, Букайо Сака, Трент Александр-Арнольд, Леви Колуилл, Деклан Райс және Аарон Рамсдейл көмектесе алмайды.

Олардың орнына Джеррод Боуэн, Джаррад Брэнтуэйт, Тино Ливраменто және Джеймс Траффорд шақырылды. Сондай-ақ, “Астон Вилла” клубының вингері Морган Роджерс ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алды.

Грекия және Ирландиямен өтетін матчтар Англия құрамасының уақытша бас бапкері Ли Карсли үшін құрама тізгініндегі соңғы кездесулер болмақ.

Айта кетейік, төрт турдан кейін Англия құрамасы 9 ұпаймен топта екінші орында тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie