locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Пако Ройг: "Барселона әлі күнге дейін Ла Лигада не істеп жүр екенін түсінбеймін"

ФОТО:  Getty images
Пако Ройг: "Барселона әлі күнге дейін Ла Лигада не істеп жүр екенін түсінбеймін"

"Валенсияның" бұрынғы президенті Пако Ройг Relevo басылымына сұхбат беріп, ол үлкен шу тудырды. Өз мәлімдемесінде ол "Барселона" мен "Реал Мадридті" төрешілермен ауыз жаласқан деп айыптады.

""Барселона" әлі күнге дейін Ла Лигада не істеп жүр екенін түсінбеймін. Олар төрешілер комитеті төрағасының орынбасарына 17 жыл бойы ақша төлеп келді, бірақ әлі күнге дейін ештеңе болған жоқ. Бұл - бізді мазақ ету.

"Барселона" - төрешілермен жұмыс жасаған ұятсыз клуб. "Мадрид" те алысқа кетпеген. "Мадрид" ойыншысына баста қызыл қағаз беріледі, ал кейін оны алып тастайды, себебі Флорентино бәрін басқара алады",-дейді президент Relevo басылымына берген сұхбатында.

81 жастағы Ройг 1994 пен 1997 жылдар аралығында "Валенсия" футбол клубының негізгі акционері және президенті болған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie