Пакетаның басы тағы дауға қалды: Англия Футбол қауымдастығы ойыншыға жаңа айыптар тақты
“Вест Хэм” клубының жартылай қорғаушысы Лукас Пакета Англияның Футбол қауымдастығының назарында, олар ойыншының матчтарда әдейі бәс қоюға қатысу ықтималдығын зерттеп жатыр. Алайда, осы орайда бразилиялыққа тағы бір айып тағылды.
The Sun басылымының мәліметінше, тергеу барысында Футбол қауымдастығы Пакетаның ұялы телефонын тәркіледі. Дегенмен, ескі ұялы телефоны өзіне қайтарылғанда, Пакета одан дереу құтылып, жаңа ұялы телефон қолданды. Бірақ кейінірек ФА сол телефонды қайта сұратқанда, Пакета оны таба алмай қалды.
Енді бразилиялық ойыншының жағдайы қиын: әдейі сары қағаз алу айыптарымен қатар, оған тергеуге кедергі жасау айыбы да тағылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Пакетаны 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде АПЛ-дің төрт матчында әдейі сары қағаз алғаны үшін айыптаған болатын. Бұл іс бойынша тыңдаулар 2025 жылдың наурызында басталады, және бразилиялыққа футболдан өмір бойы шеттетілу қаупі төніп тұр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52