locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қожагапанов жемқорлық үшін үш жылға сотталды

Футбол 19 мам 2025 01:42
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Қожагапанов жемқорлық үшін үш жылға сотталды
ФОТО: КФФ

Астанада мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожагапанов пен SUCCESS K агенттігінің директоры Ляззат Көккөзоваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды informburo.

Сот Қожагапановты қызмет бабын асыра пайдаланды деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол үш жыл бойы басшылық қызмет атқара алмайды және мемлекеттік наградаларынан айырылды. Ұсталған уақыты жазасына есептеледі.

Ляззат Көккөзова бюджет қаржысын иемденгені үшін бес жылға сотталды. Жеті жыл бойы басқару лауазымына орналасуына тыйым салынды.

Бұған дейін прокурорлар Қожагапановқа жеті жыл, Көккөзоваға сегіз жыл сұраған еді. Алайда сот жеңілдететін жайттарды ескеріп, үкімді жұмсартты.

Ерлан Қожағапанов 2014-2016 жылдары Қазақстан футбол федерациясының президенті болған. Сондай-ақ, ол «Астана» футбол клубының директорлар кеңесін басқарды.

Айта кетейік, ҚФФ бұрыңғы басшысы бұл істің қолдан жасалғанын мәлімдеді және тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie