Орландода тең ойын: «Лос-Анджелес» бен «Фламенго» матч соңында гол алмасты


Клубтық әлем чемпионатының D тобындағы соңғы турда «Лос-Анджелес» (АҚШ) пен Бразилияның әйгілі «Фламенго» командасы кездесті.
Матч АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында орналасқан «Кэмпинг Уорлд» стадионында өтті. Қарсылас командалар 1:1 есебімен тең тарқасты.
Ойынның 84-минутында алаң иелері есеп ашты — Дени Буанга Тимоти Тильмандан тамаша пас алып, допты қақпаға дарытты. Бірақ екі минут өтпей жатып, «Фламенго» таразы басын теңестірді: Уоллес Ян Жоржиньоның пасынан кейін есепті 1:1 етті.
Әлем. Клубтық әлем чемпионаты. 3-тур
«Лос-Анджелес» - «Фламенго» - 1:1
Голдар: 84, Буанга, 86, Уоллес
Үш тур қорытындысы бойынша «Фламенго» жеті ұпай жинап, топта бірінші орын иеленіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Екінші орынды алты ұпай жинаған Лондонның «Челси» клубы иеленді. Ал «Лос-Анджелес» тек бір ұпаймен соңғы орынға тұрақтады.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11