locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасы-Ақтөбе арасындағы ойындағы жеңімпаз анықталмады

Ордабасы-Ақтөбе арасындағы ойындағы жеңімпаз анықталмады

Ордабасы-Ақтөбе. Қазақстан Премьер-Лигасы, 18-тур

18-тур, ҚПЛ

"Ордабасы" Шымкент - "Ақтөбе" Ақтөбе

ҚПЛ 18-тур аясында өткен фавориттер арасындағы ойында жеңімпаз анықталмады. Шымкенттіктер ойында басым болғанымен , ақтөбелік ұжым сырт алаңда тең нәтижені сақтап қала алды. Ойынның 13 минутында қонақтар сапынан Хосе Севальос есеп ашты. Екінші таймның ортасында Ордабасы сапынан Умаров гол соғып, есепті теңестірді.

Ойын нәтижесі бойынша “Қайрат” 32 ұпаймен әлі турнирлік кестедегі алғашқы орнын жоғалтпады, “Ақтөбе” 31 ұпаймен екінші орынға жайғасса, “Ордабасы” 30 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

“Ордабасы” 1:1 “Ақтөбе”

Голдар: Хосе Севальос 13’(0:1), Шахбоз Умаров 72’(1:1)

«Ордабасы»(негізгі құрам) : Шайзада, Сүйімбаев, Ерланов, Пластун, Астанов, Әбікен, Тағыберген, Исламхан, Беседин, Яхшибоев, Умаров;

«Ақтөбе»: Шацкий, Танжарықов, Қасым, Кики, Вэтэжелу, Агбо, Севальос, Струмия, Гондола, Ромеро, Жан.

“Ордабасы” 31.08 күні “Қайсарға” қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ақтөбе де 31.08 күні Елімайға қарсы өз алаңында 20:00-де ойын өткізеді.