Ордабасы президенті маусымды қорытындылап, жанкүйерлерге үндеу жасады
“Ордабасы” клубының президенті Асхат Сейсембек өзінің Instagram парақшасында маусым қорытындыларын шығарып, шымкенттік клубтың жанкүйерлеріне үндеу жасады.
"“Құрметті “Ордабасы” жанкүйерлері! Маусымды қорытындылай келе, командада жыл бойында бірқатар өзгерістер орын алды.
Клуб маусымды мардымды бастай алмады, сондай-ақ еурокубоктерде сәтсіз ойын көрсетті, бірнеше бапкер, басшылықта өзгеріс орын алды.
Біздің алдымызға жүктелген басты міндет – клубтың ешқандай артық қарызсыз, қаржылай сауықтыру болды. Сондай-ақ, жоғары жалақыдан бас тартып, барынша футбол академиясының дамуына ден қою жүктемесі міндеттелген еді. Осы тұрғыда, өте маңызды қадамдар жасалып, клуб басшылығына жүктелген міндеттер толықтай жүзеге асты. Клубты қаржылық сауықтандыру, академияны дамытуға басымдық беру, клубты алқалы басқару жүйесіне көшіру бойынша корпоративтік құжаттар енгізу жұмыстары жүргізілді.
Біз өз кезегімізде жоғарыда аталған жұмыстарды реттеп, маусым барысында қалыпты, бір жолға қойдық. Бұл жұмыс әлі де жалғасын үстінде.
Дегенмен, маусым барысындағы қиындықтарға, өзгерістерге қарамастан, жігіттер соңғы ойында жинақылық танытып, келесі жылы УЕФА Конференциялар Лигасында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Команданың келесі жылға жоспары анық. Біз бәсекеге қабілетті команда жасақтап, еурокубокте ел намысын абыроймен қорғап, өз жанкүйерлерімізді қуанту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.”
Айта кетейік, “Ордабасы” маусымды 42 ұпаймен төртінші орынға аяқтап, Конференция лигасына жолдама алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52