locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасы қорғаушысы мерейтойлы матч өткізді

KazFootball.kz. Темирлан Ерланов

Шымкенттік Ордабасы қорғаушысы Темірлан Ерланов клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді, деп жазады клубтың баспасөз қызметі

Хабарлағандай, 19-тур аясында өткен Қайсарға қарсы ойында 31 жастағы Ерланов өзінің 150-ші матчына қатысты. Ордабасы ол ойында 1:2 есебімен жеңілген еді. Қорғаушы клуб сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді.

150 матчта Ордабасы сапында Темірлан Ерланов 15 нәтижелі әрекетімен көзге түсті.