locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасы қорғаушысы маусымның қалған бөлігінде алаңға шықпайды

Фото: X (twitter)

Ордабасының қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігінде алаңға шақпайжы. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.

Ойыншы аяқ байламына ота жасады. Ота Германияда жасалды. Ота сәтті өтті.
Қорғаушы бастапқы оңалтуды бастады. Клубтың ресми мәлімдемесіне сәйкес, ол үшін маусым аяқталды.

Ағымдағы Маусымда 25 жастағы центрбек барлық турнирлерде 13 матч өткізіп, төрт гол соғып, бір голдық пас берді. Оның клубпен келісімшарты жыл соңында аяқталвды.

Қазіргі уақытта Ордабасы 16 матчта 30 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Алдағы матчты команда 15 қыркүйекте үйде Атырауға қарсы өткізеді.