locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ордабасы маусым аяқталған соң түскен қаржының қайда кететінін ресми түрде жариялады

Ордабасы маусым аяқталған соң түскен қаржының қайда кететінін ресми түрде жариялады
ФОТО: ФК Ордабасы

Шымкенттік “Ордабасы” маусым аяқталғаннан кейін 892,9 миллион теңгеге тендер алды. Клубтың баспасөз қызметі қаржыландырудың қайда жұмсалатынын ресми түрде хабарлады.

“Бұған дейін клуб пен қала басшылығы бірнеше рет мәлімдегендей, «Ордабасы» футбол клубында 2024 маусымына футболшылардың жалақысын төлеуге байланысты айтарлықтай қаржы тапшылығы бар.

Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасымен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы 2024 жылдың басында алынған клубтың еңбекақы қорына қатысты міндеттемелерді өтеуге бағытталған.

Бұл шара ФИФА мен УЕФА тарапынан салынатын айыппұл санкцияларынан құтылу, сондай-ақ клубты 25/26 маусымындағы еурокубоктарға қатысушы ретінде сақтау үшін қабылдануда. Осылайша, клуб көп жылдан бері алғаш рет футболшылардың жалақылары бойынша кредиторлық берешек жинақтамай жылды аяқтайды.

Өткен кезеңдегі барлық жалақы бойынша міндеттемелер өтелгеннен кейін, 2025 маусымына арналған клубтың бюджеті едәуір қысқартылады” - деп жазды клуб ресми сайтында.

Осыған дейін клуб президенті Асхат Сейсембектің ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін бөлінетін қаржы туралы пікірін хабарлаған болатынбыз.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie