«Ордабасы» Конференция лигасының алғашқы кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді


Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «еленген» командалар қатарына енді. Турнир ережесіне сәйкес, қазақстандық клуб өз қарсыласын «себетсіз» командалар арасынан алады.
Шымкенттіктердің алғашқы раундтағы ықтимал қарсыластары қатарында Беларусьтің «Неман» (Гродно), Грузияның «Торпедо» (Кутаиси), Черногорияның «Петровац», Уэльстің «Пенибонт» клубтары және басқа да бірқатар ұжымдар бар.
Өткен маусымда «Ордабасы» өз еурокубоктық жорығын Чемпиондар лигасында бастаған. Алайда екі ойын қорытындысы бойынша молдавалық «Петрокубтан» (0:1) жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Кейін команда Конференция лигасына ауысып, үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, армяндық «Пюникке» (0:2) жол берді.
Биылғы Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» тоғыз турдан кейін 14 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орында келеді.

