locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

"Ордабасы" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуға басты үміткер маманның есімі белгілі

Қайрат Нұрдаулетов "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуға басты үміткер маман болып табылады.

Дәл қазіргі таңда "Жетісуда" кадрлық қиындықтар мен қылмыстық тексерулер болып жатыр. Осының салдарынан маусым басында жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен клубтың ойын деңгейі төмендеп кетті. Қайрат Нұрдаулетов үшін Шымкентте жұмыс жасау таңсық жағдай емес. Өткен жылы қазақстандық маман "Мақтааралды" жаттықтырып, оларды ҚПЛ-да сақтап қалды. Бірақ, қаржылық қиындықтарға байланысты олар ҚПЛ-да ойнаудан өз еркімен бас тартқан болатын.

Бүгін Константин Александрович Горовенконың "Ордабасыны" жаттықтырудан бас тартқаны жайлы ақпарат тарады.

Қайрат Нұрдаулетов - Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, біршама қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2017 жылы ойыншы мансабын аяқтаған Нұрдаулетов, сол жылдың бастап бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып келді. 2023 жылы клубтық деңгейдегі жеке бапкерлік мансабын бастады. 41 жасар Отандық маманның болашағына сенім артатындар өте көп.