Ордабасы бір ойыншысыз жүріп, Шахтерды жеңді
Шымкенттік «Ордабасы» 17 тур аясында сырт алаңда қарағандылық "Шахтерді" жеңді.
Қонақтар кездесудің басында бір ойыншыға кем қалды - Сергей Малый қожайындардың қақпашысы Андрей Шабановқа қарсы тіке аяқпен кіріп, қызыл қағаз алды. Бірақ, үзіліске дейін "Ордабасы" есепте алға шықты - Жасурбек Яхшибоев гол соқты.
Ойынның екінші бөлігінде Милан Джокич есепті теңестірді. Алайда, он минуттан кейін қонақтар қайта есепті ашты, екі рет гол соғып, Жасурбек дубль авторы атанды. Қарағандылықтар әзер дегенде, Дмитрий Лисаковичтің арқасында ойынның есебін 3:2 ге қысқартты.
Премьер-лига, 17 тур.
18 тамыз
Шахтер (Қарағанды) - Ордабасы (Шымкент) - 2:3 (0:1)
Голдар: Джокич, 51. Лисакович, 77 - Яхшибоев, 35. Беседин, 58. Яхшибоев, 60.
Шахтер: Шабанов - Николич (Лисакович, 74), Рыжук, Стаменкович, Кампо (Мигунов, 74) - Каньяс - Козлов (Ашортия, 60), Илич, Назымханов (Татыбаев, 46), Қыбырай (Савкив, 60) - Джокич
Ордабасы: Игнатович - Товар, Малый, Пластун - Суюмбаев (Шехович, 85), Тағыберген (Исламхан, 68), Чвек, Әбікен (Тұңғышбаев, 82), Астанов - Яхшибоев (Макаренко, 68), Беседин (Садовский, 82).
Формула-1
Бүгін 02:34
Баскетбол
Бүгін 02:18