Ордабасы Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты
Футбол
14 мам 2025
11:07

Асылхан Тоқсанбек
Редактор

Ордабасы Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты
Қазақстан кубогының ширек финалында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады.
Екі команда да ойынның алғашқы минуттарынан бастап белсенді қимылдап, тең дәрежеде күресті.
Кездесудің жалғыз голын 34-минутта Жоао Паулиньо соқты. Ол айып алаңындағы асырылған допты сәтті пайдаланып, баспен дәл соққы жасады. Бұл гол ойын тағдырын шешті.
«Қайрат» есепті теңестіруге тырысқанымен, «Ордабасы» қорғаныста сенімді ойнап, жеңісті сақтап қалды. Қақпашы Челядник бірнеше қауіпті соққыны қайтара білді.
Осылайша, «Ордабасы» Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алып, «Қызылжар» — «Елімай» жұбының жеңімпазымен кездесетін болды.
Қазақстан Кубогы. 14 мамыр
«Ордабасы» – «Кайрат» – 1:0
Гол: Жоао Паулиньо 34
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек