locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ордабасы академияның үш тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды

Ордабасы академияның үш тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды
ФОТО: ФК Ордабасы

Шымкенттік “Ордабасы” академияның үш шәкіртімен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клуб әлеуметтік желіде хабарлады.

Академия ойыншылары Бағдәулет Нұралы, Тимур Рахимов және Жасұлан Әмір алғашқы кәсіби келісімшарттарына қол қойды.

"Клуб жергілікті таланттарды дамыту бағытын ұстанып, өз ойыншыларын тәрбиелеп, жоғары деңгейде өздерін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы ұзақмерзімді стратегиясын растайды.

Бағдаулетке, Тимурға және Жасұланға негізгі командада сәттілік тілейміз. Мүмкіндік берілді, енді бәрі өздерінің қолдарында!"

Естеріңізге сала кетейік, шымкенттік клуб ҚПЛ-2024 қорытындысы бойынша төртінші орын алып, еурокубок аймағына шыққан болатын. Көптеген ойыншылар, соның ішінде команда жетекшілері де осы маусымаралықта клубтан кетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie