locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» 80 пайызға чемпион». Сарапшы «Қайрат» ойынындағы мәселелерді атады

Маман чемпиондық жарыс мерзімінен бұрын аяқталады деп болжам жасады
@fc__ordabasy

Қазақстанның бірқатар клубтарын бұрын жаттықтырған белгілі футбол маманы Алмас Күлшинбаев эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz сайтына Алматының «Қайрат» клубының соңғы матчтардағы проблемаларын атап көрсетті.

«Қайрат» сәл енжар көрінді, ал «Жетісу» 5-4-1 жүйесімен ойнап, қарсы шабуылдарға үміт артып, жақсы қорғанды. Оларды «автобус қойды» деуге болады. Жалпы, бұл жоспары іске асты. «Қайратқа» әдетте қауіпті шабуыл ұйымдастырылатын тұстарда шиеленіс жетіспеді. Менің ойымша, бұл матчта Эдмилсон өзін көрсете алмады», - деп есептейді Күлшинбаев.

Сарапшының пікірінше, «Қайрат» ойыншыларының әрекетінен сенімсіздік байқалады.


«Біріншіден, психологиялық тұрғыдан тығырыққа тірелу бар. Екіншіден, құрамға қатысты мәселелер. Сондықтан «Қайратқа» тәжірибелі ойыншылармен, мүмкін шетелдік футболшылармен күшейту қажет. Бірақ олар шеберлігі жоғары болуы керек, өйткені қазіргі құрамдағы жас ойыншылар әзірге тең дәрежелі алмастыра алмайды», - дейді Күлшинбаев.

Сарапшы «Жетісуды» жеңгеніне қарамастан, чемпиондық жарыс соңғы турда емес, мерзімінен бұрын шешіледі деп болжайды.

«Менің ойымша, «Орда» 80 пайыздық ықтималдықпен өз мүмкіндігін жібермейді. Көп нәрсе «Қайсармен» өтетін ойынға да байланысты болады, өйткені «Қайсар» да барын салып күреседі деп ойлаймын, себебі бұл команда да төменгі лигаға түсіп қалу қаупінде тұр. Жалпы, «Ордабасы» 80 пайыздық ықтималдықпен чемпион болады деп есептеймін. Менің ойымша, жарыстың тағдыры бір-екі тур бұрын шешіледі», - деп болжайды Күлшинбаев.

Еске салайық, 10 қазанда ҚПЛ-дің 28-туры аясындағы матчта «Қайрат» Алматыда талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады. Кездесу алаң иелерінің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойын соңында жалғыз голды Марк Гуаль соқты. Матчтан кейін «Қайрат» капитаны Александр Мартынович жеңістің неге қиын болғанын түсіндірді.

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 60 ұпай жинап, көшбасшыдан бір ұпайға қалып, екінші орында қалды.

Алматы клубының чемпиондық атақ үшін басты қарсыласы «Ордабасы» өз матчын 11 қазанда сырт алаңда «Қайсарға» қарсы өткізеді.

Бағдат Асылбек
Репортер ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie