Оразовсыз «Силькеборг» Дания чемпионатында «Ольборгты» жеңді


Дания Суперлигасының 31-туры аясында «Силькеборг» сырт алаңда «Ольборгпен» кездесіп, тартысты матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Дания Суперлигасы. 31-тур
«Ольборг» (Ольборг, Дания) – «Силькеборг» (Силькеборг, Дания) – 2:3
Голдар: Робин Острем 36, Никлас Хелениус 61 – Тонни Адамсен 45+5 (пенальти), 90+5, Александер Симмельхак 90
Ойын барысында алаң иелері Робин Острём (36-минут) мен Никлас Хелениус (61) гол соғып, екі мәрте алға шықты. Алайда қонақтар қарсы шабуылдар ұйымдастырып, есепті теңестіріп, соңғы минуттарда матчты өз пайдасына шешті. Тонни Адамсен 45+5-минутта пенальтиден гол соқты, ал 90 және 90+5 минуттарда Александер Симмельхак пен Адамсен тағы бір мәрте дәл соққыларымен көзге түсті.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов бұл кездесуге қатысқан жоқ — ол жарақатына байланысты ойыннан тыс қалды.
Бұған дейін Клаудио Раньери Италияның А Сериясындағы 500-матчын өткізген еді.

Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52