locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оразов «Силькеборг» сапында нәтижелі әрекетпен көзге түсті

Оразов «Силькеборг» сапында нәтижелі әрекетпен көзге түсті

Қазақ футболшысы Рамазан Оразов Дания чемпионаты аясында өткен ойында алаңға 68-шы минутта шығып, нәтижелі паспен ерекшеленді.

Дания чемпионатының алтыншы турында "Силькеборг" чемпионаттың аутсайдері “Вайле” командасына қарсы сырт алаңда ойын өткізіп, 3:1 есебімен жеңді. 68 минутта алаңға тыңнан қосылған Рамазан бес минуттан соң әріптесіне нәтижелі пас беріп, гол соғуына көмектесті.«Силькеборг» сенімді түрде жеңіске жетіп, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Оразов дат клубына еркін агент ретінде қосылды. Рамазан клуб сапында сегіз матч өткізіп, 1 гол соқты.

Оразовтың командасы 1 қыркүйекте "Мидтьюлландқа" қарсы ойын өткізеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.