locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Оралхан Өміртаевтың голы БАТЭ-ге сырт алаңда жеңіс әкелді

ФОТО:  ФК БАТЭ

Борисовтық БАТЭ Беларусь Жоғарғы лигасының 24-турында сырт алаңда “Славия Мозырьге” қарсы матч өткізді.

Бесінші минутта Виктор Сотников БАТЭ-ні алға шығарды. 35 минуттан кейін Александр Ануфриев есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда алаң иелері Павел Чикида мен Андрей Шемруктың голдарының арқасында есепті теңестіре алды. Соған қарамастан, 75-минутта БАТЭ-нің қазақстандық шабуылшысы Оралхан Өміртаев командасына жеңіс әкелген голды соқты - 3:2.

Айта кетейік, Өміртаев ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға 63-минутта шықты.